Фото авторы: коллаж
️Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды балағаттаған әйелге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Іздеудегі әйел 52 жастағы Виолетта Паршина. Оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылған.
Іздеу ісі 10 қарашада тіркелген. Қазір әйелді Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы іздестіріп жатыр.
Еске салайық, жанжал 2026 жылдың сәуірінде болған еді. Сол кезде Виолетта Threads желісінде Желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы орынсыз пікір жазған. Ол көтеріліске қатысқандарды “маскүнем, ақымақ, ауылдың мәңгүрттері” деп атаған. Бұл пікір желіде дау тудырып, жұрт әйелдің үстінен арыз жазған.
Оны полиция тауып, бөлімшеге жеткізген. Содан кейін әйел жарнама агнеттігіндегі жұмысынан да айырылған. Ал енді ол қазір іздеуде жүр.
Пікір жоқ