Қоғам

Алматы әуежайында жұмысшы қаза болды

Алматы әуежайында жұмысшы қаза болды

Фото авторы: желі




Алматы әуежайында адам қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Newmedia.kz

Желіде тараған ақпаратты Көліктегі полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта Алматы әуежайында адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпарат жарияланбайды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру