Қоғам

Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізімі кеңейтілді

Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізімі кеңейтілді

Фото авторы: Newtimes.kz




Үкіметтің 2026 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен Ұлттық пантеонда жерленуге жататын тұлғалардың тізімі нақтыланды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Жаңа редакцияға сәйкес, Пантеонда қайтыс болған немесе қаза тапқан жағдайда мына тұлғалар жерлене алады:

🔹 Вице-президенттер, Премьер-Министрлер және олардың орынбасарлары;

🔹Құрылтай мен Парламент палаталарының төрағалары және орынбасарлары;

🔹 Мемлекеттік хатшылар, мемлекеттік кеңесшілер, Президент Әкімшілігінің басшылары;

🔹Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот және Ұлттық Банк төрағалары;

🔹 Министрлер, Президентке тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың басшылары;

🔹 Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері.

Сонымен қатар, Президенттің ерекше шешімімен өзге азаматтар да Пантеонда жерленуі мүмкін.


Жерлеуді марқұмның жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Олар қажетті құжаттарды рәсімдеу, марқұмның денесін жеткізу және жерлеу рәсімін өткізуге жауапты болады.

Қаулы 2026 жылғы 17 қарашадан бастап күшіне енеді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру