Фото авторы: Жетісу Облысының Полиция Департаменті
Талдықорғанда ер адам 6 қараша күні сағат 10:00 шамасында үйінен серуендеуге шығып, осы уақытқа дейін оралмаған, деп хабарлайды Newmedia.kz
Хабарлама келіп түскен сәттен бастап Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел түрде іздестіру шараларына кірісті.
Іздестіру жұмысына барлығы 200 адам жұмылдырылған. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және еріктілер бар.
Іздестіру іс-шаралары аясында саябақтар, Қаратал өзенінің жағалауы, тұрғын үй алаптары, қаланың шағын аудандары мен іргелес аумақтар тексерілуде. Жоғалған азамат болуы мүмкін орындарға ерекше назар аударылуда.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, келіп түскен ақпараттарды тексеруде. Сондай-ақ куәгерлерден, қоғамдық көлік пен такси жүргізушілерінен, сауда нысандарының қызметкерлерінен сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.
Пікір жоқ