Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Колумбияда 7,4 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болғанын, салдарынан қаза тапқандар саны 132 адамға жеткені хабарланды.
Пікір жоқ