Саясат

Ауыл шаруашылығы министрлігін кім басқарады?

Ауыл шаруашылығы министрлігін кім басқарады?

Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі




Айдарбек Сапаров ҚР ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда.

Құрылтайдың салалық комитеті ауыл шаруашылығы министрінің кандидатурасына келісім берді. Бұл министрлікті Айдарбек Сапаров қайта басқаратын болды.

Қазақстан Республикасы құрылтайының аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің отырысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындау үшін Айдарбек Сапаровтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды, — деп хабарлайды құрылтай.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру