Қоғам

Жантүршігерлік оқиға: Астанада ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өзіне қол жұмсаған

Жантүршігерлік оқиға: Астанада ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өзіне қол жұмсаған

Фото авторы: ДП Алматы




Астанада полиция адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Полиция департаменті мәліметінше, ерлі-зайыпты арасындағы жанжал барысында 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған.

"Алған жарақаттары салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды", - деді Астана ПД өкілі.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру