Қоғам

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Фото авторы: Әлеуметтік желі




"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 5 тамыз, сәрсенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, күндіз кей өңірлерде қатты ыстық болады:

  • Атырау облысында +35...+37°С;

  • Маңғыстау облысында +38...+40°С;

  • Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде +35°С-қа дейін.

"Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Жауын-шашынсыз ауа райы елдің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде күтіледі.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру