Фото авторы: желі
Танымал актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қандай үкім шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Бұл туралы актердің бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызының адвокаты мәлімдеді. Алматы облысы Қарасай аудандық сотында Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі жарияланған.
"Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеледі. Сонымен қатар, сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сөз сөйлеуге тыйым салынды", - деді адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына 5 000 000 теңге өндірілген.
"Сот үкімі жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген тікелей сот залында қамауға алынды", - деп жазды адвокат.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Пікір жоқ